jasqazaq.kz

Алматыда орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетті

20 қараша 2024, 10:02

Сурет: depositphotos.kz

Алматыда осы жылдың 9 айында 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетті.

Алматы қаласының экономика басқармасы хабарлауынша, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасының төмендеуіне байланысты жылдық инфляция тамыздағы 8,6%-дан қыркүйекте 8,3%-ға дейін баяулады.

«2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматылықтардың атаулы ақшалай табысы 22%-ға өсіп, 292 мың теңге болды. Нақты көрсеткіште өсім 11,6%. Орташа айлық жалақы 468 мың теңгеге жетіп, 15,5%-ға артты. Инвестициялық белсенділік те жоғары деңгейде: 9 айдың ішінде 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға көп. 2025 жылы инвестиция көлемі 2,35 трлн теңгеге дейін өседі деп күтілуде», — делінген хабарламада.

Әкімдіктің айтуынша, бұл жетістіктер Алматы экономикасын дамытуға және оның тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралардың тиімділігін көрсетті.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі