jasqazaq.kz

Алматыда Никольский базарын қаланың көрікті жеріне айналдыру ұсынылды

18 мамыр 2023, 16:28

Қала әкімінің халықпен кездесуінде қоғамдық кеңес мүшесі Әсет Наурызбаев Никольский базарын иесіз деп тануды ұсынды.

Оның айтуынша, базар талай жылдан бері қараусыз қалған және оны Алматының көрікті жеріне айналдыратын кез келді.

Ерболат Досаев алматылықтың ұсынысын қолдады. Әкімнің пікірінше, қалада көрнекті нысандар жетіспейді, әзірге біз Кеңес Одағынан қалған құрылыс нысандарын мақтан тұтамыз.
«Мен оларды иесіз деп танып, бір жылдан кейін өзіме ала алмаймын, өйткені қалада ешкім меншік құқығын жойған жоқ. Бірақ қазір болып жатқан процестерге қатысты мәселелер – олар аяқталғаннан кейін біз Никольский базарын қолға алатын боламыз. Бірнеше идеямыз бар. Базардың тарихи бар, бірақ соңғы 15-20 жыл ішінде имиджі өзгерді. Менің ойымша, оны қалпына келтірудің қажеті жоқ, бірақ ыңғайлы әрі заманауи сауда орындарын жасау керек. Мен меншік иелеріне ұсыныс жасадым», – деді қала басшысы.

Сондай-ақ қала әкімінің халықпен кездесуінде қаланың қоғамдық кеңесінің мүшесі Әсет Наурызбаев бұрынғы трамвай депосын дамыту тұжырымдамасын талқылауды ұсынды. Оның айтуынша, бұрын бұл жерде сауда орталығы салынып, қоғамдық кеңістік жобасы кейінге қалдырылған.

Әкім бұрынғы инвестициялық жобаны тоқтатқанын және қазір бұл жерде Алматының шығармашылық кеңістігін құруға уәде берілгенін түсіндірді.

«Мен жасалатын нәрселерді көрдім, байқауымша жақсы болады. Бұл іске біздің мамандарды ғана емес, шетелдік компаниялар да тартылды. Жақында біз бұл жобаны жариялаймыз. Қала жеке инвесторлармен болған әңгімелерден кейін депоны өзіне алады және жақын арада бұл Алматының басты креативті хабына айналады. Мен қоғамдық кеңесте тапсырма беремін – біз жобаны көрсетеміз, айтамыз. Егер ескертпелер болса, онда оларды жобаға енгіземіз», – деді Ерболат Досаев.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде