jasqazaq.kz

Алматыда мопед жүргізушісі полицейді қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды (Видео)

08 шiлде 2025, 12:46

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетіп, оқиға орнынан қашпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жол ережесін өрескел бұзып, полицияның заңды бұйрығын орындамаған 20 жастағы мопед жүргізушісі жауапқа тартылды. Оқиға Төле би даңғылында болды. Жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы қарама-қарсы жолақпен қозғалып келе жатқан мопедті байқады. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны тоқтатуға әрекеттенген, бірақ ол тоқтату талабын елемей, қашып кетпек болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі жаяу қууды жалғастыра бергенде, мопед жүргізушісі оны әдейі қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, ұсталды. Оған қатысты бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша іс қозғалды, оның ішінде полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Сот қаулысымен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. — Бұл – шектен шыққан әрекет. Мұндай жағдайда жазаның бұлтартпастығы қағидасы іске асады. Кейбір жол қозғалысына қатысушылардың салғырттығы, жауапсыздығы немесе агрессиясы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірмеуі тиіс. Әр азамат заң талаптарын сақтауға міндетті. Біз мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейміз, — деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы