jasqazaq.kz

Алматыда марихуананың ірі партиясы тәркіленді

16 сәуiр 2025, 12:12

Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Әуезов аудандық полициясының жедел уәкілдерімен бірлесіп, есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегін анықтады. 

Polisia.kz хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктер өсірілетін, жабдықталған фитозертхананы анықтады.

Ғимараттан өзіне тән иісі бар 31 түп өсімдіктер, сондай-ақ арнайы техникалар: шамдар, таразылар, тыңайтқыштар, судың қышқылдығы мен температурасын өлшейтін құрылғылар тәркіленді.

Сараптамаға сәйкес, өсімдіктер — марихуана есірткісі деп танылды, оның жалпы салмағы 21 келіден асады. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

— Мұндай арнайы іс-шаралар «Профилактика жылы» аясында есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жүйелі жұмысының бір бөлігі. Дер кезінде ден қоюға, қызметтер арасындағы белсенді өзара іс-қимылға және жедел ақпаратты тиімді пайдалануға баса назар аударылады, — деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Фото: Polisia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі