jasqazaq.kz

Алматыда маньяк пайда болды ма? Полиция қорқынышты ақпаратқа түсініктеме берді

23 тамыз 2024, 10:56

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде Жұлдыз-1 шағынауданында белгісіз ер адамның балаларды аңдып, тіпті баласын ұрлау үшін әйелді соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Мессенджерлерде тараған аудиожазбада шағынауданда «маньяктың» пайда болғаны туралы айтылған.

«Жаңағы белгісіз ер адам әйелді Жұлдыздан «май өндірушіге» дейін аңдып барған. Айналада ешкім жоғын тексеріп, шабуыл жасап, баланы ұрлап кетуге тырысқан. Яғни, оған керегі бала болды, оған әйел де, ақша да керек емес. Полицейлер келіп, бұл біздің ауданда біршама уақыттан бері іздестіріліп жүрген маньяк болуы мүмкін екенін айтты», — дейді аудиожазбадағы белгісіз әйел.

Алматы қаласының Полиция департаменті  бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Тұрмыстық жанжал аясында әйелге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау шаралары қабылданып жатыр. Істің объективті мән-жайлары белгіленеді. Сонымен қатар, балаларды аңдып жүрген маньяк туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, — деп хабарлады ПД.

JQ-Aqparat

Сурет:Shutterstock.com
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі