jasqazaq.kz

Топырақ көшкіні

19 мамыр 2016, 10:48

12-05-16-opolzen

Алматыда Медеу ауданындағы саяжайға баратын жолды топырақ көшкіні басып қалды. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова сілтеме жасап kaz.365info.kz хабарлады.

«18-мамырда таңғы 08:35-те Медеу ауданындағы «Геолог» саяжайына баратын жолда лай көшкіні орын алды. Жолды 50 текше метр тас пен лай ағыны бітеп тастады. Бұл топырақтың шектен тыс ылғалдануынан орын алды»,

— деді С.Баймұхамбетова.

Қазір көліктердің өтуіне тыйым салынды.

Сондай-ақ, Медеу ауданының Жамақаев көшесінде таңғы 10:00 шамасында «Сұңқар» шаңғы трамплині кешенінде топырақтың шектен тыс ылғалдануынан 20 текше метр сары топырақ көшті. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.

Айта кету керек, соңғы екі тәулікте Алматыда жауған жауын-шашын мөлшері қалыптан көп болып отыр.

Салдарынан қаланың 5 ауданындағы 18 үйдің ауласын су басып, арықтар мен сай-салаға су толды. Тіпті, метро стансасын да су алды.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан таулы аймақтарда көшкін болып, Медеу-Шымбұлақ жолы бұзылды.

Ауа райын болжаушылардың айтуынша, жақын арада еліміздің оңтүстігінде күн жауынды болады. Сондықтан, төтенше жағдай режімі сақталады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде