jasqazaq.kz

Алматыда құрбандықты қайда шалады?

27 маусым 2023, 11:15

Алматыда құрбандық шалуға рұқсат етілген 14 орын бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мәлім етті.

Бас имам Алматы әкімдігі санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау мақсатында, құрбандыққа шалынатын малды сою және таратуға рұқсат етілген арнайы 14 орынды бекітілгенін айтты.

«Аталған орындарда мешіт қызметкерлері құрбандық шалудың шариғат талаптарына сай өтуін қадағалап, діни рәсімдерді атқарады. Бұл ретте Алматы қаласында құрбандық шалуға рұқсат етілген орындар тізімі келесідей:
Алатау ауданы бойынша:
1.«Мырзахмет» мешіті. «Қарасу» шағынауданы, Солтүстік айналым көшесі, 15 үй.
2. «Әскер ата» мешіті. Әйгерім-1 шағынауданы, Бенберин көшесі, 18/4.
3. «Алғабас» мешіті. «Алғабас» шағынауданы, Ақбөпе көшесі,
Әуезов ауданы бойынша:
4. «Таугүл» мешіті. Таугүл-3 шағынауданы, Паримбетов көшесі, 9а.
Бостандық ауданы бойынша:
5. «Бақыткелді» мешіті. Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы бойынша:
6. Алматы Орталық мешіті. Пушкин көшесі, 16.
7. «Омар ибн Әл Хаттаб» мешіті. Жуков көшесі, 136 а.
8. «Аманқұл ата» мешіті. Т.Бигелдинов көшесі, 5
9. «Фатима» мешіті. Ш.Жәнібек көшесі, 148.
10. «Райымбек батыр» мешіті. Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15.
11. «Арафат» мешіті. Ибрагимова көшесі, 5 а
Наурызбай ауданы бойынша:
12. «Қалқаман» мешіті. Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы бойынша:
13. «Қайрат» мешіті. Қайрат шағынауданы, Сарымулдаев көшесі, 22.
Жетісу ауданы бойынша:
14. «Вайнах» мешіті. Айтықов көшесі, 1а. Бұл орындарда мешіт қызметкерлері халыққа құрбандық шалу рәсіміне қатысты қызметтерді атқаратын болады», — деді Төлеби Оспан.
Биыл Құрбан айт күндері 28-30 маусым күндері болады, айт намазы Алматы қаласындағы 54 мешітте 28 маусым күні таңғы сағат 06:00-де оқылады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі