
Алматыда қылмыстық топ бақылаудағы компаниялар арқылы ұйымдарға салық төлеуден жалтару бойынша көмектескен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Алматыда материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактуралар мен бухгалтерлік құжаттар жасаумен айналысқан, құрамында жеті адам бар қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
«Бұл тұлғалар 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейін коммерциялық ұйымдарға жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын 4 коммерциялық компания арқылы салық төлеуден жалтару бойынша көмектесті. Сондай-ақ, айыпталушылар тұрғылықты жерінде салмағы 849 грамм болатын тыйым салынған «марихуана» есірткісін өсіргені анықталды», — делінген хабарламада.