jasqazaq.kz

Алматыда қоныс аудару қоры құрылады

30 наурыз 2023, 14:02

Осы жылдың соңына дейін Алматыда қоныс аудару қоры құрылады. Жалпы қоныс аудару қоры деген не? Түркісіб ауданының тұрғындарымен жүздесуде қала әкімі Ерболат Досаев тарқатып айтты. «Алматыда тұрғын үй қорын жаңартып, жаңғыртудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатыр. Былтыр мәслихат депутаттары қоныс аудару қорын құруға қатысты ойымды қолдаған еді. Қор осы жылдың үшінші тоқсанында өз жұмысын бастайды. Біз алдымен бюджет есебінен баспана сатып аламыз, сол жерге бұзылатын үйлердің тұрғындарын көшіреміз. Тек содан кейін ғана апатты үйлер сүріледі. Осы шаралардың барлығы адамдардың жайлы өмір сүруі үшін жасалады. Сонымен қатар Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеке инвестор жүзеге асыратын жобаларға қаржы бөлінді»,- деді Е.Досаев.
Шаһар басшысы реновация бағдарламасы уақытша тоқтатылғанын жеткізді. «Жуырда Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекіттеді деп үміттенемін. Қазіргі уақытта тиімді бағдарлама әзірлеу үшін реновация бағдарламасын уақытша тоқтаттым. Жаңартылған нұсқадағы жоба жалпыхалықтық жария талқылауға ұсынылады», — деді қала әкімі.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата