jasqazaq.kz

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы ұсталды (Видео)

28 қазан 2024, 15:56

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Куәгерлердің видеосында ер адамның әуелі автобустың есігін теуіп, сосын пышақ сияқты көрінген затты сілтеп, жүргізушіні қорқытқаны көрінеді.

– Оқиға таңертең ерте Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болғаны анықталды. Осы қылмысты ашу және оның объективті мән-жайын анықтау үшін қаланың бейнебақылау жүйелеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті мен автобус жүргізушісі арасындағы кикілжің аялдама орнында тұрған көлікке өтіп бара жатқан адамның міну ниетінен туындағаны белгілі болды. Жүргізуші оған ескерту айтты, ал өтіп бара жатқан адам құрылыс пышағын шығарған. Ешкім зардап шеккен жоқ, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі