Алматыда қауіпті заттардан туындайтын ТЖ-ға төтеп беру бойынша анықтамалық-нұсқаулық таныстырылды

02 маусым 2023, 14:10

Алматыда Қолданбалы және теориялық химия жөніндегі халықаралық одақтың (ИЮПАК – IUPAC) жобасы аясында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйыммен (ОЗХО – OPCW) бірлесіп «Төтенше жағдайларға төтеп беру жөніндегі нұсқаулық» (ERG 2020) анықтамалығы ұсынылды.
Бұл нұсқаулықты дүние жүзіндегі көптеген төтенше жағдайларға төтеп беру қызметтері пайдаланады. Бұл құтқарушы-мамандарға қауіпті химиялық заттардан туындайтын жағдайларды анықтауға, олардың түрін анықтап білуге және қорғаныс құралдарын таңдауға көмектеседі. Анықтамалықтағы ақпарат автомобиль жолдары мен теміржолдардағы төтенше жағдайларды дұрыс бағалауға, олар туындаған кезде қажетті іс-қимыл стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе құтқару операциялары кезінде адамдарды эвакуациялау және төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде өте маңызды, сонымен қатар химиялық қауіпті заттардың әсерінен қоршаған ортаға зиянды азайтуға мүмкіндік береді.


Нұсқаулық (ERG) әр төрт жыл сайын ағылшын, француз және испан тілдерінде шығарылады. Соңғы басылым Канада көлік департаменті, АҚШ көлік департаменті және Мексика байланыс және көлік хатшылығының қызметкерлерімен дайындалды. Орыс тіліндегі нұсқаны әртүрлі елдердің ғалымдары мен мамандары дайындады, олардың қатарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлері болды.
IUPAC ERG жобасының жетекшісі, профессор Маттео Гвидотти (Италияның ұлттық зерттеу кеңесі (CNR)) бұл практикалық нұсқаулық автомобиль және теміржолдарда қауіпті жүктерге қатысты орын алатын жағдайларда, яғни жақын жерде әрекет ету қызметтері болмаған жағдайда әрі шешімді төтенше жағдайға куә болған адам қабылдауы қажет болған жағдайда қолдануға арналғанын атап өтті. Ол басылымның орыс тіліндегі нұсқасын аударуға және дайындауға қатысқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлеріне алғысын білдірді.
«Нұсқаулықта әртүрлі зиянды заттардың шығарылуымен ұштасқан автожолдар мен теміржол көлігіндегі авариялар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері нақты айқындалғанын атап өткен жөн. Олардың табиғатына байланысты қауіпсіздік ережелерін сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды азайту ережелері сипатталған. Мұндай анықтамалық осы бағытта жұмыс атқаратын түрлі қызметтер мен ведомстволарға қажет. Шетелдік ғалымдар мен сарапшылармен ынтымақтастық университет пен қазақстандық ғылымның химиялық, биологиялық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастығын кеңейтеді және де IUPAC жобаларына қатысудың жаңа мүмкіндіктерін ашады», – деп атап өтті Б.А.Беремжанов атындағы Қазақстандық химия қоғамының төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия факультетінің профессоры Мұхамбетқали Бүркітбаев. Айта кетерлік жайт, қазақстандық химиялық қоғам IUPAC-тың қауымдастырылған мүшесі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар тұсаукесерге қатысқан бейінді ведомстволар мен мүдделі мекемелердің өкілдеріне қатты мұқабалы «Төтенше жағдайларға төтеп беру жөніндегі нұсқаулықты» таратты, сондай-ақ бұл анықтамалық ғылыми ұйымдар мен химиялық қоғамдастық өкілдеріне де берілетін болады. Нұсқаулықты электронды түрде IUPAC веб-сайтынан жүктеуге болады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінде өткен анықтамалықтың тұсаукесерінде көрнекті химик-ғалымдар, ҚР ТЖМ, ҚР ТЖМ азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығының, Қазақстанның Пуагош комитетінің, Денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері мен халықты төтенше жағдайлардан қорғау және алдын алу саласында жұмыс істейтін мамандар қатысып сөз сөйледі.

26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады