jasqazaq.kz

Алматыда келесі жылы ірі ағаштарды отырғызу бойынша ауқымды жұмыс басталады

05 желтоқсан 2024, 17:32

2025 жылы Алматы қаласының аумағында үш деңгейлі көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс басталады. Бірінші деңгейде көгалдар мен гүлзарлар, екінші деңгейде бұталар мен сәндік өсімдіктер, ал үшінші деңгейде ірі ағаштар отырғызылады.

2025–2027 жылдарға арналған тиісті бюджет жобасы алдағы Мәслихат сессиясында қаралады.  Қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлғандай, шамамен 17 мың ірі ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 15 мың ағаштың биіктігі 4 метрден асса, 2 мың ағаштың биіктігі 6 метрден асады.

Отырғызу жұмыстары магистральды көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде, бульварларда және басқа да қоғамдық орындарда жүргізіледі. Мұндай тәсіл тығыз қоныстанған аудандарда көлеңке мен жасыл аймақтарды тезірек құруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында ағаштарды отырғызу мен күтіп-баптаудың заманауи әдістері қоқолданады. Алғашқы екі жылда жүйелі күтім жасалады: тамшылатып суару, автоматтандырылған суару жүйелерін орнату, сондай-ақ ағаштар мен бұталарды жергілікті жағдайларға бейімделген минералды тыңайтқыштармен қоректендіру қарастырылған. Бұл олардың жерсінуін жеделдетеді.

Көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуға және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған. Ірі ағаштарды отырғызу жасыл инфрақұрылымды қалыптастыру уақытын қысқартып, қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасайды.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі