jasqazaq.kz

Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсеткен криминалитет өкілдері ұсталды

21 қантар 2025, 9:36

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен ресми емес жұмыскерлері қылмыстық ортаның өкілдері болған күзет ұйымының құқыққа қарсы қызметін жойды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Polisia.kz мәліметінше, олар қақтығыс жағдайлар мен арандатулар жасау арқылы объектілерді басып алумен айналысқан. Кейіннен олардың «қауіпсіздігін» қамтамасыз еткен. Өткен жылдың 23 қарашасында фигуранттар криминалдық қамқорлық жасау және ықпал ету саласын кеңейту мақсатында караоке-барға басып кіріп, онда мекеменің иесі мен күзетшілерін ұрып-соққан.

Полицияға 10 күдікті жеткізіліп, олардың 6-уы қамауға алынды. 20-дан астам іздеу іс-шарасы жүргізіліп, атыс және суық қару тәркіленді.

«Бұзақылық пен өз бетінше билік етудің бірнеше фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде. Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі