
Алматыда үйлердің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы автокөлікті тонаған ұрыны түсіріп алды, ол Lexus жол талғамайтын көлігінен пластикалық жабдықтарды шешіп жатқан.
Оқиға Гагарин көшесінде орналасқан 167-ші үйдің ауласында болған. Ұрының әрекеті ұқыпты болғаны соншалық, автомобильдің дабыл жүйесі іске қосылмаған. «Қолғаппен жұмыс істеген. Оның мұндай қылмысқа бірінші рет барып отырмағаны көрініп тұр. Оның қалай істейтінін біледі. Бұл — әккі ұры. Ол сонымен күн көреді. Қаладағы көлік жабдықтарын сататын базарларда істеуі мүмкін», — дейді басылымның оқырманы. Шетелдік автокөліктің иесі Алматы қаласының Бостандық аудандық ІІБ-не арыз бергені белгілі болды.
https://www.youtube.com/watch?v=AxCNIUQqolk&feature=youtu.be