jasqazaq.kz

Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

23 желтоқсан 2023, 15:48

Биыл Алматы полициясы заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі тәркіледі. Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетовтың айтуынша, жыл қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары мегаполиске есірткі әкелудің тұрақты 5 арнасын жойды.
«Жүргізілген мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қала аумағында марихуана мен гашиш сату және таратумен айналысқан 4 адамнан тұратын топ ұсталды. Ұстау кезінде, сондай-ақ тінту жүргізілген орындарда 157 келіден астам гашиш пен 54 келі марихуана тәркіленді. Сонымен қатар есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар 34,6%-ға артық ашылды. Полиция қызметкерлері есірткі сатудың 202 дерегінің жолын кесті. 16 есірткі зертханасы жойылды, 83 бетбелгі қоюшының қылмыстық әрекеті тоқтатылды, – дейді Ерлан Әлмағамбетов.
Басқарма басшысы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 603 келіден астам марихуана, 243 келі гашиш, 557 грамм героин, 83 келі синтетикалық есірткі сондай-ақ 3 тонна көкнәр тұқымы тәркіленгенін жеткізді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі