jasqazaq.kz

Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар шетелдіктер ұсталды (Видео)

09 сәуiр 2024, 13:02

Алматыда есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен шетелдіктер ұсталды. Polisia.kz хабарлағандай, олардың қылмыстық әрекеттерін есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шара барысында әшкереледі.

Пәкістан мен Үндістанның екі азаматы Алматыда есірткі кәсібін бастаған. Олардың бірі Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды.

– Күдіктілер өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін жеке үйді жалға алған. Тұрғын үйді тінту кезінде сатуға дайын аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі, зертханалық жабдықтар, прекурсорлар табылды және тәркіленді. Шетелдіктердің жұптасып жұмыс істегені анықталды: бірі есірткіні қайнатса, екіншісі оны жасырын қою арқылы таратқан. Айтпақшы, іздестіру шаралары қаскөйлердің тұрғылықты жерінде де жүргізілді. Олар “синтетика” салынған байламдарды жатын бөлмесінде сақтаған. Тәркіленген синтетикалық психотроптық заттардың жалпы салмағы 4 келіден асады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі