jasqazaq.kz

Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен үй тонаушы әлі табылған жоқ (Видео)

24 желтоқсан 2024, 10:06

Сурет: Әлеуметтік желіден

Алматыда үй тонауға келіп, ерлі-зайыптыны атып кеткен қаскөй табылмай жатыр. Элита санатындағы тұрғын үй кешенінде бақылау камерасы толып тұрғанымен, біреуі де істемейді екен. Сондықтан күдіктінің түр-әлпетін де дереу анықтау мүмкін болмапты, — деп хабарлады jasqazaq.kz КТК телеарнасына ссілтеме жасап. 

Кіреберістегі қабырға тесіліп, жарылып кеткен. Еден мен жиһаз қып-қызыл қан. Атыстан кейін түсірілген бұл видеодан ерлі-зайыптының ұрымен біраз алысқанын аңғаруға болады.

Тапаншаның оғы, көршілерінің айтуынша, 40 жастағы әйелдің кеуде тұсы мен білегіне, 39 жастағы күйеуінің қолына тиген. Екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізіліпті. Ер адамға бірден ота жасалып, аман қалды. Қазіргі жағдайы орташа деп бағаланған. Енді операцияға әйелі де түсейін деп тұр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі: — Наурызбай ауданы ПБ қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысты ашуға бағытталған кешенді тергеу, іздестіру жүргізілуде.

Оқтан жараланған отағасы сақтандыру компаниясында жұмыс істейді екен. Ал әйелі үйде бала бағып отыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі