jasqazaq.kz

Алматыда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

10 маусым 2025, 9:22

Сурет: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі бопсалау және басқа да ауыр қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтардың әрекетінің алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда, — деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 маусымда Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар тобын ұстады.

— Олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды. Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді. Анықталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ елдегі, оның ішінде ірі мегаполистердегі жедел ахуал құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін атап өтеді.


 

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы