jasqazaq.kz

Алматыда бизнес орталықтағы өрт фактісі тергелуде (видео)

07 қараша 2016, 10:20

Алматы полициясы бизнес-орталықтағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қалалық полицияның ақпаратына сәйкес, адам өліміне әкеп соққан өрт фактісі ҚР ҚК 292-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

«Жұмыс барысында тергеу шараларының кешені мен бірқатар сот сараптамалары жүргізіледі, нәтижесі арқылы өрт себептері мен оқиғаның өзге де мән-жайы анықталады.

Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнында 54 жастағы Н. есімді азамат иіс газына уланып көз жұмған. Адам өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Бостандық ауданы ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Еске сала кетсек, кеше шамамен кешкі жетіде Алматы қ. ІІД Жедел басқарма орталығына бизнес-орталықтағы өрт туралы хабар келіп түсті. Ғимараттан 80 адам көшірілді.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға және көлік құралдарын реттеуге Алматы қалалық ІІД-нің 65 қызметкері атсалысты.

365info.kz

https://www.youtube.com/watch?v=17eQ6U7zFEk

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде