jasqazaq.kz

Алматыда бір нөмірлі екі көлік табылды (видео)

18 сәуiр 2017, 10:48

Toyota автокөлігінің иесі тура «өзінікіндей» біреудің көлігін көріп, таң қалды.
Күміс түсті Toyota көлігін айдаған жүргізушіні полицейлер жоспарлы рейдтік шара барысында анықтады. Тексеру кезінде көліктің техқұжаты жалған екені анықталды. Сондай-ақ, көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі де жасанды болып шықты. Инспекторлардың айтуынша, олар, қайткенмен де шебер жасалған, сыртқы белгілері, нөмерлері ұқсас болғаны соншалықты, оны айыру қиынға соғады.

Одан кейінгі, тексеріс барысында қалада тура сол мемлекеттік нөмерлі маркасы да, түсі де дәл келетін көліктің бар екені анықталды. Оның иесін табу полицейлерге қиын болмады.

Іздестіру бөліміне келген ер адам сасып қалды: темір тұлпарлар егіз қозыдай болып шықты, тіпті, бір қарағанда, оларды шатастырып алуыңыз да мүмкін.

Сол арада «егіз автоның» жүргізушісі автокөлігінің техникалық құжаты мен мемлекеттік нөмірі жалған екенін білмегенін айтып жеткізді. Ол машинаны осыдан бір жарым жыл бұрын өзінің танысынан сатып алғанын айтып, автоның барлық тұрғыдан заңды екеніне толық сенімді болған.

— Сондай-ақ, жүргізушінің жүргізушілік куәлігінің де мерзімі өтіп кеткен екен. Біз бірнеше әкімшілік хаттамалар толтырып, соның ішінде жалған мемлекеттік нөмерлік белгілерді қондыру және пайдалану бойынша, материалдарды Алматының Медеу аудандық ІІБ-на өткіздік, — деп мәлімдеді Алматы қ. ІІД Жергілікті полициясы қызметінің іздестіру бөлімінің инспекторы Олжас Мәліков.

Медеу АІІБ-нда аталған факт бойынша сот алды анықтау шаралары басталды. Бастапқы мәліметтер бойынша автомобиль-клон соған қарағанда елімізге Қырғызстаннан жеткізіліп, кедендік тазалаудан өтпеген тәрізді.

https://youtu.be/23AEahwBHp4

365info.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде