jasqazaq.kz

Алматыда бес күн бойы жауады деп күтілген қар түсе бастады

17 қараша 2016, 10:13

398358

Алматыда бес күн бойы жауады деп күтілген қар бүгін түнде түсе бастады. Тиісті орындар ақ ұлпа үзіліспен жауады деп отыр. Сөйтіп, оңтүстік астанада қармен таласа қарбалас та басталып кетті.

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Қала әкімдігінің бес күн бойы қар жауатынын ескерткені жайында кеше айтқанбыз. Ондағылар көлік жүргізушілерін жолдарда жылдамдық межесін сақтауға, қар тазалайтын техникалардың жұмысына кедергі келтірмеу үшін машиналарын жол жиектерінде қалдырмауға шақырды. «Қысқы дөңгелектерді айырбастауға айрықша мән берілуі тиіс” деді олар.

Сонымен қатар, қала әкімшілігі қалың қардан электр желілерінің зақымдануы, ағаштардың сынуы, жол апаттарының жиі болуы мүмкін екенін ескертті. “Алматы қаласының коммуналдық қызметі барынша жауапкершілікпен жұмыс істейтін болады. Қала көшелерін жауған қар мен қатқан мұздан 1600 жұмысшы мен 763 арнайы техника тазалайды. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылады”, — деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді