jasqazaq.kz

Алматыда белгілі блогер қызды «алып қашып» кетті (видео)

12 мамыр 2017, 17:19

Алматыда белгілі блогер қызды «алып қашып» кетті. Yotube хостингінде пайда болған видеода Nagimuwaa деген атпен танылған Нағима Ахметованы белгілі пранкерлер тобы алдып алып қашады.

Алдын ала сөз байласқан жігіттер қызды құрбысы арқылы алдап шақырып, көлікке отырғызып алып, үйге апарады. Үйде әдеттегідей ересек адамдар қызды «салт-дәстүріміз» деп көндіруге тырысады. Қыздың әбден жылап, алданған кезінде ғана түсірілім тобы бөлмеге кіріп келіп, мұның пранк болғанын жариялайды. Бір қызығы, мұның пранк екені айтылғаннан кейін «алып қашу құрбаны» болған Нағима Ахметова мұндай жағдай болса үлкеннің үстінен аттап кете салатын едім, бірақ үлкеннің үстінен аттай алмадым дейді. Соңында ол үйленгісі келетін жігіттерге кеңес айтты: «Жігіттер, үйленгілерің келсе, мал сияқты алып қашпай, адам ретінде үйленіңдер». Блогер қыз қазіргі уақытта шын мәнінде сүйіктісі жоқ екенін айтты. Ал осы жағдайды естіген ата-анасы қатты ашуланған екен.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде