jasqazaq.kz

Алматыда бейнебақылау арқылы 3 мыңға жуық қылмыс ашылды

21 желтоқсан 2023, 14:01

Алматыда бейнебақылау құралдарының көмегімен 3 мыңға жуық қылмыс анықталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Департаменттің мәліметінше, Алматы қаласында 138 мың 875 бейнебақылау камерасы орнатылған. Жыл басынан бері қалада бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2 мың 718 қылмыс ашылып, 1 миллион 597 мың теңгеге айыппұл салынып, 191 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Қалада барлығы 138 мың 875 бейнебақылау камерасы бар. Оның 5 мың 752-сі «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлерге орнатылды.Қала жолдарында 9 мың 657-сі бар, ал білім беру нысандарында 19 мың, денсаулық сақтау нысандарында 3 мың, спорт нысандарында 1 мың 932, қоғамдық орындарда 1 мың 746, әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 91 мың 744, метрополитенде және қоғамдық көліктерде 1 мың 337 бейнекамера орнатылған, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі