jasqazaq.kz

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды (Видео)

11 сәуiр 2024, 12:01

Алматыда қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушіні ұрған жолаушы қамауға алынды.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 11 сәуір таңғы 08:00 шамасында № 98-бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты.

«38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты», — дейді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Айта кетейік, былтыр да Алматыда №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған еді. Салдарынан әйел есінен танып, көлікті басқара алмай, аялдамада тұрған бір топ адамды қаққан болатын. Аталған оқиғадан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для крис п | @kris_p_almata (@kris_p_almata)

inform.kz

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі