
Алматыда автобус арнайы жолақта жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, оқыс оқиға бүгін түскі үштер шамасында болған. Райымбек даңғылында шығыс бағытқа қарай келе жатқан қоғамдық көлік жүргізушісі ер адамды қағып кеткен.
«Жаяу жүргіншіні жедел жәрдем алып кетті. Ол №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары автобус жүргізушісінің қаншалықты кінәлі екенін анықтап жатыр. Алдын ала деректер бойынша, ер адам жолды рұқсат етілмеген жерде кесіп өтпек болған», — деп атап өтті ІІД ресми өкілі Салтана Әзірбек.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
https://www.youtube.com/watch?v=MLyI1H2LQ7Q&feature=youtu.be