Алматыда оқ атып, қаланы әбігерге түсірген екі адам тұтқындалды. «Жас қазақтың» тілшісі оқиға орнынан хабарлағандай, атыс кезінде полицияның екі қызметкері оққа ұшқан. Бүгін таңертең қаланың Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы маңында оқ дауысы естілді. Оқиға куәгерлері Байтұрсынов көшесінің бойында бір азаматтың автоматпен жүргенін айтады.

Төтенше оқиғаның мән-жайы анықталуда.