jasqazaq.kz

Алматыда әйелді өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

12 ақпан 2025, 12:11

2025 жылдың 11 ақпанында Алматыдағы «Green Recycle» қалдықтарды өңдеу зауытында қоқыс сұрыптау кезінде әйелдің бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Криминальный Қазақстан» басылымының мәліметінше марқұм 36 жаста болған. Тергеу анықтағандай, 9 ақпанда Әлмерек ықшамаудандағы жалдамалы үйде алкогольдік ішімдік ішу кезінде әйел мен оның серіктесі арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде ер адам жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұғып, одан кейін мәйітті бөлшектеп, қоқыс салатын контейнерге лақтырып жіберген.

Алматы полициясы Zakon.kz редакциясына адам өлтіру дерегі бойынша Түрксіб аудандық ішкі істер бөлімінің полиция бөлімі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бірге ішімдік ішіп, жанжалдасып, азаматтық некедегі әйелін өлтірген. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осыған ұқсас қылмыс 2025 жылдың қаңтар айының басында тіркелді. 2 қаңтарда қоқыс өңдеу зауытының аумағынан полиэтилен пакетке оралған 68 жастағы әйелдің бөлшектелген денесі табылды. Анықталғандай, 67 жастағы кейуана бұрыннан келе жатқан араздық қарым-қатынасының салдарынан әпкесіне аяусыз әрекет жасаған.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі