
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің №59 қаулысы бойынша демалыс күндері қалада қатаң қарантин шаралары енгізіледі.
Құжатта Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері Алматыда келесі шектеу шараларын енгізу көзделген:
— азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің, сауда орындарының, сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;
— азық-түлікке жатпайтын және жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
— сұлулық салондарының, шаштараз салондарының, курорттық орталықтардың, косметикалық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын тоқтата тұру;
— фитнес орталықтары мен спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, спорт залдарының, спорт кешендерінің жұмысын тоқтата тұру;
— сауналардың жұмысын тоқтата тұру;
— ашық аттракциондарды тоқтата тұру.
Бір күн бұрын Бекшин Алматыдағы карантиннің әлсірейтінін айтты және Алматыда кинотеатрлар ашудың шарттарын да жариялады.
Stan.kz