jasqazaq.kz

Алматыда 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

22 маусым 2023, 13:06

Жыл басынан бері Алматы қаласында 30 мыңға жуық жұмыс орны ашылды, оның 60%-ы тұрақты. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Биылғы 5 айда мегаполис экономикасы қарқынды түрде өсті. Қысқа мерзімде экономикалық индикатор 122,2%-ке дейін, жылдық инфляцияның баяулауы аясында іскерлік белсенділік индексі 58,7% тармаққа дейін жеделдеді. Сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік пен қоймалау – экономикалық өсімнің драйвері болды», — деді Ерболат Досаев елордалық Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, есепті кезеңде негізі капиталға 484 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялар 2,7%-ке өскен.

«Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Жыл басынан бері 29 400 жұмыс орны ашылды, оның 60%-ы тұрақты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қала экономикасының өсуі 5-5,5% деңгейінде болады деп бағалап отырмыз», — деді Е. Досаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі