jasqazaq.kz

Алматыда 27 млн теңге ұрлаған бухгалтер экстрадицияланды (Видео)

16 қыркүйек 2024, 11:00

Еліміздің Бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігі Алматыдағы ұйымнан 27 млн теңге ұрлаған азаматты Түркияда қолға түсірді.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, күдіктіні қолға түсіруге Интерпол мен Түркиядағы Қазақстан елшілігі көмек берген.
«Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, оған халықаралық іздеуге жарияланған», — деп жазады прокуратура.
Бір ай бұрын күдікті Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауымен еліміздің құқық қорғау органдарына берілген. Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі