jasqazaq.kz

Алматыда 21 жастағы жігіт жоғалып кетті

12 тамыз 2016, 17:40

20160812154313

Алматыда 21 жастағы Нұрдәулет Иманғалиев жоғалып кетті.

«Достар, менің туған інім жоғалды, жұмыстан үйге оралмағанына 5 тәулік болды. Саяхат, Покровка аудандарында біреу көрген шығар, хабар беріңіздерші. Оның есімі Иманғалиев Нұрдәулет 1994 жылы 30 тамызда туған. Менің телефон нөмірім — 8 702 916 38 09», — деп жазды Нұрдәулеттің әпкесі Назерке Сейтбекова.

Назерке Сейтбекованың сөзіне қарағанда, інісі қаладағы сауда-ойын сауық кешендерінің бірінде жұмыс істейді.

«Ол жексенбі күні түнгі ауысымдағы жұмысынан шығып, қалада достарында қалды. Алайда, қандай достар екенін білмейміз. Дүйсенбі күні ол күні бойы қоңырауларға жауап бермеді. Ал сол күні кешке түнгі сағат 11-лер шамасында ол қалада екенін және барлығы жақсы екенін айтты. Сейсенбі күні қаладан жұмысына баратынын жеткізді. Сейсенбі күні бізге қоңырау шалып, інімнің жұмысқа шықпағанын айтты. Содан бірнеше күннен бері телефонына шыға алмай отырмыз. Ешкім жауап бермейді. Ол үнемі байланыста болған. Кешіккен жағдайда ата-анамызға хабарлайтын. Жексенбі күні Саяхат ауданында банкоматтан ақша алғанын ғана білеміз», — деді Назерке телефон арқылы «ҚазАқпарат» тілшісіне.

Нұрдәулеттің туыстары оның жоғалғаны жайлы Талғар аудандық ІІБ-не хабарлағанын айтты.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде