jasqazaq.kz

Алматыда 1116 ғимарат тектоникалық жарыққа салынған

21 сәуiр 2023, 16:04

Алматы қаласы 10 балдық жер сілкінісі болуы ықтимал аймақ саналады. Алматы қаласының кезектен тыс сессиясында шаһар әкімінің орынбасары Асқар Әмрин осылай деді.

Әкімнің орынбасары Алматыда жыл сайын 300-ге жуық жерасты дүмпулері болатынын осы жыл басынан бері 44 жер сілкінісі тіркелгенін айтты. Оның үшеуі қала тұрғындарына сезілді. Мегаполисте 1116 ғимарат тектоникалық жарықта орналасқан. Оның 754-і сейсмикалық төзімді, 362- сі сейсмикалық төзімді емес.

Тектоникалық процестердің белсенділігі ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділік нормаларына әсер ететін ескерткен А.Әмрин қауіпсіздікті күшейту жұмыстары жүргізілетінін айтты.
«Осыған байланысты 15 мың азаматтық және қоғамдық ғимараттарды, 1600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлерді паспорттауға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр», — деді Асқар Әмрин Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VIII шақырылымының екінші сессиясында.

Бұған дейін Алматы қаласында ғимараттарға сейсмикалық аудит жүргізілетінінін айтқан қала басшысы Е.Досаев әрбір үйдің кіреберісіне жер сілкінісі орын алғанда адамдардың эвакуацияланатын орынның картасы ілінетінін айтқан болатын.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура