jasqazaq.kz

Алматыда 1 мың адам кәсіптік білім алады

02 тамыз 2023, 12:57

Алматыда 1 мың адам кәсіптік оқытуға жіберілмек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы мансап орталығының басшысы Әділет Жаңабаев айтты.

Кәсіптік оқуға жіберілетіндердің ішінде 687 адам — білім беру ұйымдарына, 313 жұмыссыз адам — жұмыс берушілердің жұмыс орнына кәсіптік оқытуға жіберу жоспарлануда. Кәсіптік оқыту мерзімі 3 ай.
«Биыл 26 сәуірдегі өңірлік комиссия отырысында білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытуға 18 мамандық бойынша 42 жұмыс берушінің тізімі бекітілді. Яғни 687 орын. Жұмыссыздарды жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін 12 мамандық бойынша 13 жұмыс берушінің тізімі, 313 орынға бекітілді. Жасалған әлеуметтік келісімшарт және еңбек шарты шеңберінде оқуды сәтті аяқтаған соң, жұмыс берушілер жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Бүгінгі таңда Мансап орталығына 400-ден астам жұмыссыз оқуға өтінім қалдырып, оқуға жіберілді. Келешекте үміткерлердің өтініш жасауына қарай тізім кеңейтілетін болады және кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілетін болады», — деді Ә. Жаңабаев.
Аталған кәсіптік оқыту түрлері бойынша 2023 жылға бір адамға оқыту құны 50 мың теңге мөлшерінде бекітілді. Кәсіптік оқуға жіберілген қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасалады және оқу кезеңінде 21 787 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді.
Жұмыссыздарды жұмыс берушілердің жұмыс орнында кәсіби оқыту бойынша қатысушылармен еңбек шарты жасалады және ай сайын мансап орталығы салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны, банктік қызметтерді және экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде жалақы төлейді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста