«Алматы жастарын» алалаған кім?!

08 шiлде 2022, 11:48

Биыл «Алматы жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасынан ши шықты. Осы аптада пәтер алуға өтініш бергендердің тізімі жарияланды. Алайда сол кестеден көпшілік өз аты-жөндерін таба алмай сенделді. Өйткені 0 ұпай жинағандар іріктеуден өтіп, 20-30 балл алғандар тізімге ілікпей қалыпты.

Үш жыл бұрын іске қосылған қалалық бағдарламаға биыл 11 мыңнан астам азамат өтінім беріпті. Олар медицина, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, құқық қорғау және БАҚ саласы бойынша бірнеше санатқа бөлінген. Солардың ішінде ең көп ұпай жинаған мың (1000) азамат 18 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, пәтер сатып алады. Бағдарламаға қатысушылардың ұпайы (балл) былай есептелді.

Өтініш берушілердің тізімі балдық жүйені ескере отырып, санаттар (салалар) бойынша қалыптастырылады (балдардың ең көп саны бойынша):

ӨЛШЕМДЕР БАЛЛ
Тіркелген некедегі әрбір жыл үшін 1
1 (бір) бала болған жағдайда 1
Осы санаттағы (саладағы) өтілінің әрбір жылы үшін 2
ХӘЖОТ қатарына жататыны үшін 5

* ХӘЖОТ – ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары

Бірақ жоғары ұпай жинағандар жер сипап қалды. Есесіне, ешқандай балл жинамағандар (0 балл) келесі кезеңге өтіп кеткен. Бір ғана журналистика саласы бойынша 0 балл алған үш азамат төлем қабілетін растауға жолдама алыпты.

Мұның себебі былай:

Құжат тапсыру кезінде пәтер алуға мүмкіндігі көптердің (балы жоғарылар) ұпайы ұрланған. Бірыңғай электронды порталға салынған құжаттар өздігінен жоғалды. Біреудің неке туралы куәлігі, екіншісінің зейнетақы түсімдері туралы анықтамасы электронды порталдан ғайып болған. Оны қайтадан өткізуге, сайтқа енгізуге еш мүмкіндік болмапты. Құжат қабылдайтын электронды порталдағы деректерді түзету батырмасы жұмыс істемеген. Ал кейбір өтініш берушілердің мамандықтары қасақана өзгертілген. Мәселен, дәрігерлер журналистердің, мұғалімдер спортшылардың санатында жүр. Осындай кибершабуылға ұшырағандардың барлығына пәтер алуға жолдама берілген жоқ. Барлығына «құжаттардың дұрыс болмауы себеп» деген бірізді жауап келген.

Бұлай істеу кімге керек?

Естуімізше, «Алматы жастары» бірнеше жылдан бері бизнеске айналып кеткен. Осы бағдарламаның басы-қасында жүргендердің мұртын майласаң, іріктеуден іркілмей өтуге болады деген қауесет ел арасында гулеп тұр. Тіпті бағалары да (ставка) белгілі. 500 мың теңге берсең, жеңілдетілген несиемен пәтер алып береді деген жазбалар әлеуметтік желілерде желдей есуде. Сол пысықайлар тамыр-таныссыз пәтер алуға мүмкіндігі жоғарыларды әдейі аяқтан шалып, құжаттарын жоғалтып, мамандықтарын өзгертіп, әлгі 0 балл алғандарды тізімге енгізіп жатыр ма деген ойға қаласың.

Өйткені биыл БАҚ саласы бойынша барлығы 187 адам «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтініш берген. Соның тек 33-і іріктеуден өтіпті. Қалған 154 адам өз аты-жөндерін тізімнен таба алмаған. Көпшілігінің ұпайлары жоғары. Бірақ жоғарыда айтқандай, «құжаттарың толық емес, мамандықтарың сәйкес келмейді» деген сылтаумен келесі кезеңге өте алмаған. Есесіне, пәтер алуға жолдама берілгендер тізімінде 5 балдан төмен жинаған 13 үміткер жүр. Солардың ішіндегі үш өтініш берушіде мүлде ұпай жоқ, яғни 0 балл жинаған (0 балл деген еңбек өтілі жоқ, жұмысқа ресми тұрғанына бір жыл болмаған, бала-шағасы мен отбасы жоқтар). Бірақ олардың қалайша іріктеуден өткенін Алматы қаласының әкімдігі түсіндіріп бере алмады. Ал Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы құжаттардың электронды порталдан жоғалуына қатысты былай пікір білдірді:

«Алматы жастары» бағдарламасы аясында құжат қабылдаудың барлық мерзімінде қатысушыларда өз тапсырған құжаттарын өңдеуге, қосымша құжат салуға немесе ауыстыруға мүмкіндіктері болды. Қатысушылардың құжаттарын тексеруге өтініштер тапсырылып біткенге дейін мерзімде басқарма мамандарында сайтқа кіру мүмкіндігі шектелген. Қасақана құжаттар жоғалып кетуі мүмкін емес. Себебі басқарма мамандарында сайтқа құжат қабылдау мерзімі біткен соң, бүкіл тапсырған құжаттар жүктеліп, бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеруден өтеді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша басқармаға келіп тиісті жауап алуға болады.

Қазір «Алматы жастарына» өтпей қалған 100 шақты азамат уатсаптан арнайы топ құрып, бірігіп жатыр екен. Барлығы да құжатымыз жоғалды, іріктеу әділ өтпеді деп есептейді. Сондықтан олар құзырлы орындарға шағым жазбақшы.

Диас Нұрақын,
медиа сарапшы

Бүгін, 11:30
Әлішер Сатыбалдиев: Индустриалды аймақ Алматы экономикасына серпін береді
27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр