jasqazaq.kz

Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты жаңа ақпарат

03 қазан 2016, 14:11

2013_06_10__06_51_57___07

«Бүгін Алматы-Тбилиси бағыты бойынша «Эйр Астана» әуекомпаниясының №141 рейсін рәсімдеу кезінде жолаушыдан құрамында сынап болуы мүмкін күмәнді сұйықтық құйылған ыдыс табылған.

Әуе қауіпсіздігі қызметкерінің күмәнді ыдысты беру туралы талабын естіген жолаушы ешқандай ескертусіз оны қоқыс жәшігіне тастай салған. Мұның салдарынан сұйықтық төгілген.  Бұл ақпарат тез арада әуежай басшылығы мен қауіпсіздікке жауап беретін қызметтерге, Алматы ТЖ жөніндегі қызметтерге, полиция мен құзырлы органдарға хабарланды», – деп мәлімдеді әуежай баспасөз қызметі.

«Әуежай қызметкерлері мен жолаушылары жедел түрде терминал ғимаратынан қауіпсіз аймаққа көшірілді. Төтенже жағдайлар қызметі мамандары жолаушылар терминалы ғимаратында сұйықтықтың төгілуінің салдарын жою бойынша барлық қажетті іс-шараларды жасап жатыр», — деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Төтенже жағдай салдарынан үш ішкі, үш халықаралық – барлығы алты рейс кейінге қалдырылды.  Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда Алматы халықаралық әуежайындағы барлық қызметтердің жұмысы қалпына келген.

Құқық қорғау органдары бұл дерек бойынша тергеу жұмыстарын бастап  кетті.

 

nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде