jasqazaq.kz

Алматы тұрғыны Ерболат Досаевқа тосынсый жасады (Видео)

15 ақпан 2024, 12:23

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Tengrinews.kz жазғандай, бір азамат сыйлығын ала келіпті.

«Біріншіден, электр есептегіштері 141-ден 115 мыңға дейін төмендегені үшін, үш фазалы есептегіш, бір фазалы есептегіш үшін алғысымды білдіремін. Қыркүйекте ғана 90 млн теңгеден аса қаржы үнемделген. Автобус жолағын жасадыңыз, мен сізге өтініш айтқан едім, ол үшін де рақмет. Ақжар және Шұғыла шағын аудандарында көшелер ұзарды, тұрғындардан ерекше алғыс. Сондай-ақ бұл аумақта орталықтандырылған су құбыры мен кәріз болады. Әр мәселеге қызығушылық таныттыңыз», – деді қала тұрғыны.

Сөйтіп ол Ерболат Досаевтың суреті мен оның шешкен мәселелерінің иллюстрациясын естелік сыйлық ретінде табыстады. Әкім сыйлықты әзілмен қабылдады. «Сыйлық? Маған ба? Мені Антикор алып кетсе ше? Сыйлыққа рақмет, әйеліме сыйлаймын», — деп күлді Досаев.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі