jasqazaq.kz

Алматы тұрғындары ардагерлер мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетіп жатыр

30 сәуiр 2024, 15:52

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында мегаполисте Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырған«Жақыныңа жәрдем бер» акциясы өтіп жатыр.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 866 ерікті мен қала тұрғындары ардагерлер, жалғызбасты зейнеткерлер және ерекше қажеттілігі бар адамдар тұратын 114 үйдің ауласын тазалауға, көркейтуге атсалысты.

Аумақ тазартылып, қоршаулар сырланды. Ағаштар санитарлық мақсатта кесіліп, ақталды, өсімдіктер отырғызылды.
Аудандар бойынша акцияның нәтижесі:
—  Алатау ауданы — 15 үй, 96 ерікті;
—  Түрксіб ауданы — 13 үй, 98 ерікті;
—  Алмалы ауданы — 49 үй, 290 ерікті;
—  Жетісу ауданы — 8 үй, 42 ерікті;
—  Бостандық ауданы — 6 үй, 37 ерікті;
—  Әуезов ауданы — 10 үй, 150 ерікті;
—  Наурызбай ауданы — 13 үй, 153 ерікті.
Акция жалғасып жатыр. Тағы 93 үйді қамту жоспарланған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі