jasqazaq.kz

Алматы — тазалықты сүйетін қала

06 наурыз 2025, 14:57


1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды экологиялық науқан өтуде. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қала тазалығын қамтамасыз ету арқылы оның экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Науқан бір айға жалғасатындықтан, әр аптаға арнайы іс-шаралар жоспары әзірленген:
• «Таза көшелер» (1-9 наурыз) – аялдамаларды, жол белгілерін тазарту, қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру.

• «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) – табиғи аумақтарда сенбіліктер ұйымдастыру, қоқыс жинау жұмыстары.

• «Таза аулалар» (17-23 наурыз) – аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын тазалау, абаттандыру элементтерін сырлау және көгалдандыру. Сонымен қатар, «Үздік аула», «Үздік аула сыпырушы», «Үздік бау-бақша» конкурстары өтеді.

• «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз – 1 сәуір) – ескерткіштерді абаттандыру және жаппай ағаш отырғызу.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды «Алматы – біздің ортақ үйіміз» экологиялық науқанына белсенді қатысуға шақырады.

«Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы

Науқан аясында Алматы әкімдігі коммуналдық салада еңбек ететін үздік қызметкерлерді анықтау мақсатында «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауын жариялады.

Байқаудың мақсаты – қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту, коммуналдық қызмет сапасын арттыру және осы саладағы білікті мамандарды ынталандыру. Оған көше тазалаушылары, құрылысшылар, электрмен қамтамасыз ету саласының мамандары және басқа да коммуналдық қызмет өкілдері қатыса алады. Байқау жеңімпаздары арнайы марапаттар мен алғыс хаттарға ие болады.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, мұндай шаралар Алматы қаласының коммуналдық қызмет саласын дамытуға және экологиялық жағдайын жақсартуға оң әсер етеді. «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы – Алматы тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалардың құрамдас бөлігі.

Алматы әкімдігі қала тұрғындарын осы маңызды шараға белсенді қатысуға шақырады және коммуналдық саланың үздік қызметкерлерінің есімдерін жариялауды асыға күтеді.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі