
«Алматы Тауэрс» ғимаратындағы өрттен қаза тапқандар студент болып шықты.
«Алматы полициясы 6 қарашада Бостандық ауданындағы бизнес-орталықта болған өрттің салдарынан қаза тапқандардың аты-жөнін анықтады. Еске салайық, мәйіттер кеше сағат 11.00-де оқиға орнындағы қирандыларды жинау кезінде табылған болатын. Олар 1994, 1995, 1996 жылғы жігіттер, алматылық ЖОО студенттері», — делінген хабарламада.
Осы дерек бойынша соталды тергеу жалғасып жатыр. Өндіріс кезеңінде қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жай анықталады дейді полицейлер.
tengrinews.kz