jasqazaq.kz

Алматыда тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтілді

29 наурыз 2024, 14:04

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қаланың таулы аймақтары мен тау бөктерінде құрылысқа бақылау күшейтілді. Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеген.

Бүгінде барлық құрылыс салушы жобалық шешімді сақтамайды. Мәселен, анықталған заңсыз құрылыстың 54 фактісінің 46-ы сотқа берілді, оның 30-ы қаланың пайдасына шешілді, 5-еуінде нысандар бұзылды.

Алматы әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысын қадағалау органдарына, аудан әкімдіктеріне тау бөктеріндегі аумақтарда өз бетінше құрылыс салуға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ҚР Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысын бақылау органдарының өкілеттігін күшейту жөнінде ұсыныс енгізілсін. Жер ресурстарын басқару департаменті жер заңнамасының сақталуы үшін жер телімдеріне тексеріс жүргізу жүктелді.

JQ-Aqparat

Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі