jasqazaq.kz

«Almaty puppet festival – 2024» қала мәдениетінің маңызды оқиғасы

21 қазан 2024, 15:06

Бәріне ортақ журналистика

«Бәріне ортақ журналистика» — Jas Qazaq пен Chevron компаниясының бірлескен жобасы. Жобаның мақсаты – ерекше жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз және тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курсқа қатысушы Жанар Әукенова Алматы қаласындағы мемлекеттік қуыршақ театрына барып, өнер ордасында өткен іс-шара туралы ақпарат дайындады.

 
Алматыда 21-24 қазан аралығында ІІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді. Биыл оған Қытай, Польша, Чехия, Болгария, Грузия, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Башқұртстан және Қазақстанның үздік театр ұжымдары қатысады.
Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік қуыршақ театры ұйымдастырған фестивальдің мақсаты – көрерменді заманауи қуыршақ өнерінің қойылымдарымен таныстыру, халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайту және театр саласындағы креативті ойларды шабыттандыратын шығармашылық алаң құру.

Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Алмат Әбдірахманов: «Біз үшін бұл фестиваль үлкен мерекеге айналды. Өткен жылы алғаш рет осы ауқымды шараны өткізгенде оған 6 елдің қуыршақ театрлары қатысты. Биыл 11 елден келген ұжымдар қатысып жатыр. Бұл біздің фестивальдің беделі мен абыройының көрсеткіші», – деп атап өтті.
Мемлекеттік қуыршақ театры Директордың дамыту жөніндегі орынбасары Бақыт Тушаевтың айтуынша, мұндай фестивальдер театрлар арасында тәжірибе алмасу алаңы.

Ол: «Біз бұл фестиваль аясында шетелдік әріптестермен тығыз қарым-қатынаста боламыз. Біздің фестивальға қатысуға 100-ден астам театр өтініш білдірді. Олардың ішінен оннан астам театр іріктелді. Фестиваль ережесіне сәйкес, соңғы бес жыл бойы репертуарда болған қойылымдар қатысады. Әділқазылар алқасы өз бағасын беріп, ең мықты өнер ұжымы марапатталады деген сенімдемін», — деді.

«Almaty puppet festival – 2024» қала мәдениетінің маңызды оқиғасы болмақ. Сондай-ақ қуыршақ өнерінің шеберлері арасында тәжірибе мен идея алмасу алаңына айналады. Фестиваль аясында түрлі ерекше қуыршақ кейіпкерлері бар қойылымдардан бөлек, танымдық шығармашылық кездесулер мен шеберлік дәрістері де өткізіледі.

Жанар Әукенова,

Алматы
Суреттерді түсірген автор

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде