jasqazaq.kz

Алматы облысында жолға жақын қазылған карьер жұмысы уақытша тоқталды

14 сәуiр 2025, 11:28

Алматы облысы Бәйтерек ауылының тұрғындары карьер көлік жүретін жолға тым жақын жерде қазылып жатқанын айтып шағымданды.

Тұрғындар шағымы әлеуметтік желіде жарияланды.  Одан Каменистая көшесінде терең қазылған карьерде техниканың тынымсыз жұмыс істеп жатқанын көруге болады.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, «ХанЭлитСтрой» ЖШС Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылындағы кен орнынан құмды-гравий қоспасын өндіреді. Желідегі шағымнан кейін Еңбекшіқазақ ауданы әкімішілігінің тапсырмасымен жергілікті кәсіпкерлік бөлімінің, аудан әкімдігінің және полиция өкілдерінен тұратын жұмыс тобы оқиға орнына дереу жеткен.

— Тексеру жүргізіліп, кәсіпорын басшылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жер қазу жұмыстарының шекаралары анықталғанға дейін карьердің жұмысы уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар әкімшілік оқиға орнында кезекшілік ұйымдастырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын өткізді, — деп хабарлады әкімдіктен.

 Фото: Наталья Зинченко / Kazinform

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі