jasqazaq.kz

Алматы облысында жолда көкпар ойнаған азамат жазаланды

03 сәуiр 2025, 11:59


Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының №2 сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша Е.-ге қатысты іс қаралды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Сот мәліметіне сәйкес, биыл 22 наурыз күні сағат 16:20-да айыпталушы Тауқаратұрық ауылында жүріп, Үлкен Алматы каналы тасжолында көкпар ойнаған. Осылайша, ол азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзған.

Сот отырысында Е. кінәсін мойындап, құқық бұзушылық фактісін растады, қатаң жазаламауды сұрады.

— Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен Е. кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 20 АЕК айыппұл салынды, — деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі