jasqazaq.kz

Алматы облысында жеңіл рельсті транспорт жүйесі салынады

16 маусым 2023, 11:01


Түрік компаниясының өкілдері Алматы облысында ұзындығы 150 шақырым болатын жеңіл рельсті транспорт жүйесін салуды жоспарлап отыр. Әкімдік тиісті меморандумға қол қойды. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, түріктің «Ташяпы» компаниясы шілдеде жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кіріседі.
«Ташяпы» компаниясы Қаскелең – Есік – Талғар – Алматы – Ұзынағаш бағыттары бойынша жеңіл рельсті тарнспорт жүйесін дамытуды жоспарлап отыр. Халық тығыз қоныстанған Талғар және Қаскелең қалаларында ЖРТ жанында арнайы тұрақ болады. Тұрғындар көліктерін сол тұраққа қойып, ары қарай ЖРТ-мен Алматыға қатынайды.
Әкімдік өкілдерінің сөзінше, бұл өз кезегінде қала мен оның маңындағы аудандарда кептелісті азайтады. Облыстың 300 мың адамы күніне Алматыға кіріп шығатынын ескерсек, қалаға жүктеме азаятыны сөзсіз.
ЖРТ ұзындығы 80 шақырым болмақ. Алматы мен Қонаев арасындағы жолды қосқанда 150 шақырымды құрамақ. Ал құрылыстың 1 кезеңі Талғар – Алматы арасында ЖРТ салудан басталады. Қонаев – Алматы жобасы 2-кезекте қаралады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі