jasqazaq.kz

Алматы облысында өзен суы тасып, 150-ден аса үйді су басты (видео)

28 сәуiр 2017, 8:59

Толастамай жауған жаңбырдың салдарынан Қырғауылды өзенінің суы арнасынан асып, саяжай үйлерін су басты. Бұл туралы  Алматы облыстық ТЖД өкілі Азамат Жұртбаев хабарлады. Облыстық ТЖД мәліметінше, құбыр өткізгіштері қоқыспен бітеліп қалған, салдарынан өзеннің кей тұстарында су деңгейі көтерілген.

Қарасай ауданында, Райымдек ауылында, «Ақсай-19», «Торпеда», «Труд» саяжай қоныстарын су басқан. Сондай-ақ, Алматы-Жандосов тасжолын су алды (23-ші шақырым). Облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда су алған елді мекендерге жолдар жабық, ал тасжолдар ашық тұр. «Қазіргі таңда 151 саяжай учаскесін су алды. Екі адам эвакуацияланды. Тазалау, жағалауды нығайту және Қарғалы өзенінің аңғарын тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр, Алматы-Жандосов тасжолындағы көпір тазартылды. Адамдарды эвакуациялауға 50 орындық мектеп пен екі автобус дайындалды», — деді Жұртбаев. Сонымен қатар, редакцияға келіп түскен мәліметтер бойынша, Алматының Алатау ауданындағы, Рысқұлов даңғылының төмен жағында бірнеше үйді су басқан.

https://youtu.be/dMnPthffq-0

https://youtu.be/FNFQlGj-OX4

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде