jasqazaq.kz

Алматы облысындағы тауларда 17 жастағы жігіт қаза тапты

24 шiлде 2016, 17:41

photo_27840

Алматы облысындағы тауларда 17 жастағы ер адам қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 шілдеде 21.00-де Алматы облысы ТЖД кезекші-диспетчер қызметінің телефонына Алматы облысында Ескелді ауданының территориясындағы Жоңғар Алатауында Қора өзенінің шатқалында Бессонов мұздығында Қарағанды облыстық туристік клубтың қатысушысы құлап кетті деген хабар түскен.
24 шілдеде таңғы 9.00-де іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-171 тікұшағы бортында 11 адамымен ұшты. Олардың ішінде үш пилот, 1 бортмеханик, Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері, Медицина және апаттар орталығының (Талдықорған қаласы) 1 қызметкері, Ескелді аудандық ішкі істер бөлімінің бір қызметкері, сонымен қатар, Алматы облысы Туризм федерациясының президенті болды.
Қазіргі уақытта туристің денесі табылып, құтқарушылар оны тікұшақпен Талдықорғанға апара жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде