jasqazaq.kz

Алматы облысындағы «крышасы бар» қыз жазаланбайды

02 мамыр 2017, 13:07

Алматы облысында жол апатында зардап шеккендерді «крышасымен» қорқытқан қызды ешкім жазаламайды. Бұл туралы облыстық ІІД өкілдері айтты.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, қызға қатысты ешқандай арыз түскен жоқ. «Біздің тараптан оны жазалауға ешқандай негіз жоқ, әкімдік өздері шешсін. Біз оны жазалай алмаймыз, себебі ол кешірім сұрады. Қыздың үстінен арыз түскен жоқ. Ал жүргізуші әкімшілік айыппұл төлейді», — деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, осыдан бір апта бұрын «әкімдік қызметкерінің» жол апатында зардап шеккендерді «крышасымен» қорқытқаны түсірілген видео пайда болған еді. «Ой, б…, басқа табыс көзім жоқ дейсіздер ме? Әрқайсымыздың «крышамыз» бар. Барлығыңыз осыны түсінуіңіз керек. Ал өлгенде ғана әрекетіміз үшін жауап береміз», — деп мәлімдеген еді қыз. Сондай-ақ, ол өзін әкімдіктің қызметкерімін деп таныстарған болатын. Ал кеше, 1 мамырда оолицейлер «крышасы бар» «әкімдіктің қызметкерін» ұстаған болатын. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ахмет Ашимахун осы оқиғадан кейін бөлімдерде және бөлімшелерде кадрлық тексерістердің жүргізілгенін, бірақ бұл қыздың қызметкерлердің тізімінде жоқ екенін айтқан еді.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде