jasqazaq.kz

Алматы облысында үш полицей қамауға алынды

27 наурыз 2017, 15:09

Алматы облысында полицияның үш қызметкері екі ай мерзімге қамауға алынды. Олар азаптау, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау баптары бойынша күдікке ілінген.

«4 ақпанда Алакөл аудандық соты Алакөл АІІБ үш қызметкері Талғат Нұрпейісов, Руслан Базекенов және Айдын Тұрсынхановты екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды». Алматы облыстық сотының мәліметінше, полицейлерге ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы («Азаптау, адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған және денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтiре отырып»); 362-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану»); 414-бабының 4-бөлігінің 4-тармағы («Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау») бойынша күдік келіп отыр. Адвокат Юлия Малюкова іс бойынша жәбірленуші — Алматы облысы Сарқанд ауданы Бақалы ауданының 26 жастағы тұрғыны. Оқиға 2016 жылы 19 маусымда болған. Тұрысбековты полицейлер ұрып-соғып, тепкілеп мал ұрлығын өз мойнына алуды талап еткен делінеді. Осыдан кейін баласының халін көрген анасы жедел жәрдем шақырған. Кейін анасы құқық қорғау орталығына хабар берген. Tengrinews.kz хабарлағандай, адвокат полицейлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларының аяқталып қалғанын және сот алдында жауап беретінін айтты. Сонымен қатар, Юлия Малюкова Алматы облысы Сарқанд аудандық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтты. Олар адамдардың қалтасына, сөмкесіне қару, есірткі салып, ақша бопсалаған делінеді. Алайда бұл іс бойынша күдіктілер жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде