jasqazaq.kz

Алматы облысында көлік тасымалдаушы алаяқтар ұсталды

17 мамыр 2024, 10:46

Алматы облысында полицейлер көлік тасымалдаушы алаяқтарды ұстады. Polisia.kz хабарлағандай, 2 мамырда Астана қаласының тұрғыны Қарасай аудандық полиция басқармасына арызданған, ол өз арызында белгісіз азамат өзін автокөлік тасымалдау компаниясының қызметкері ретінде таныстырып, Changan UNI-K автокөлігін иемденгені туралы арызданды.

– Тергеу барысында жәбірленуші Астанадан мегаполиске көлік сатып алу үшін ұшып келгені белгілі болды. Көлікті сатып алғаннан кейін интернет желісі арқылы автотасымалдау қызметіне тапсырыс берген. Тасымалдау қызметінің бағасын талқылап, ол кілтті көлік жүргізушісіне тапсырған. Алайда, келісілген мерзімде автокөлік жеткізілген жоқ, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар екі ер адамды ұстады. Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасып жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі