jasqazaq.kz

Алматы облысында ауыл шаруашылығы форумы өтті

01 шiлде 2023, 10:27


Табиғаты көркем жайлау, қаз-қатар тігілген киіз үйлер, бәйгеге асыққан жүйріктер мен дархан көңіл халық. Ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы кәсіпкерлерінің бизнес форумы Алматы облысындағы шөбі шүйгін, суы мол Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан әйгілі Асы жайлауында өтті.
Шара барысында өңіріміздің шаруалары, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы өнімдерінен көрме қойды.

Мұнда түйенің кептірілген сүтінен бастап, малдың жем-шөбі, минералды, органикалық тыңайтқыштарға дейін бар. Көрмені тамашалаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көпшілік алдында сөз алып, өңірде ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолға алынған шаралар жайлы айтты. Өңір басшысы: «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл халқының табысын арттыру мақсатында облыс бойынша 8,3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражатты тиімді пайдалану үшін әр өңірдің ерекшелігіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын дамытуымыз қажет. Ендігі жылы бұл бағдарламаға 14 млрд теңге қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Облыс бойынша төрт түлік малдың 65%-ы 133 жайлауда жайылады. Жайылымдар туралы заңға сәйкес, 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары бойынша әр аудан әкімдігі жұмыс жасап жатыр”, – деді.
Сондай-ақ форумда аграрлық салада бірнеше жыл еңбек еткен бірқатар маманға “Құрметті азамат” атағы және “Алғыс хаттар” табыс етілді.


Жайлауда қазақтың ұлттық ойындары: теңге ілу, қыз қуу, қошқар көтеру, қазақ күресі ұйымдастырылды.Сонымен қатар аламан бәйге, құнан бәйге, тай жарысы сынды бәйгенің жүлдегерлері анықталып , бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мақпал Ноғайбаева
Суреттерді Алматы облысы баспасөз қызметі ұсынды

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде